Мұғаліммен қалай тіл табысса болады? 🧐 » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-24
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғаліммен қалай тіл табысса болады? 🧐
09
ноябрь
2022

Мұғаліммен қалай тіл табысса болады? 🧐

Мектептегі үлгерімің мұғаліммен тікелей байланысты болғандықтан, ол кісілермен сөзге келуге кеңес бермейміз. Керісінше, сыйласып, тіл табысып жүрсеңдер ғажап емес пе?
1. Барлығы түсіністіктен басталады. Мұғалім мен оқушының жас айырмашылығы бірталай, сол себептен олардың өмірге деген көзқарасы да әртүрлі. Мұғалімнің орнына өзіңді қойып көр, оны түсінуге тырыс.
2. Әрине, үй жұмысын тиянақты және уақытылы жасап жүрсең, кел келген мұғалімнің жүрегі жібиды. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын оқушыны кім жақсы көрмесін? Тіл табысуға ең төте жол осы.
3. Мұғаліммен тіл табыстым екен деп, онымен досың секілді сөйлесіп кетпе. Сыйластықты ұмытпа. Сыпайы бол. Ерсі қылықтар істеп, аузыңа келгенді айтатын болсаң, сен мұғалімге де, басқаларға да жақпайсың.
4. Қателескен болсаң, артық сөз айтып, артық зат жасап қойған болсаң, кінәңді мойындай біл. Кешірім сұрасаң сенің ештеңең кетпейді. Ал қырсығып, қасарысатын болсаң, мұғалімнің де, өзіңнің де көңіл-күйіңді түсіресің.
5. Сабақ үстінде жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып**, белсенді бол.** Түсінбеген материалды сабақтан кейін мұғалімге барып, сұрап көр. Әрекет жаса. Бір орында тұрма. Сенің талпынып жүргенің міндетті түрде байқалады және бағаланады.