"Наурыз-жыл басы" отбасылық іс-шара » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-24
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Наурыз-жыл басы" отбасылық іс-шара
27
март
2023

"Наурыз-жыл басы" отбасылық іс-шара

🌺🌺Наурыз мерекесіне орай🌺🌺

🌹Қарабұлақ орта мектебінде Ұлыстың ұлы күніне арналған іс шара "Отбасы-бақыт үйі" атты отбасылық сайысы өтті.
🌹Сайыстың негізігі мақсаты: өз халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін сыйлап,отбасы мәртебесін көтеру. 🪷
🌹Салт – сана мен дәстүр бізді басқа халықтардан ажырататын бірінші белгі. Дәстүр ата- бабаларымыздың дүние танымымен астарлас. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Басқа халықтардан ерекшелеп тұратын ұлттық құжатымыз. Оны сыйлау, болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу - біздің міндетіміз.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
І кезең. «Сұрасаң менің тегім...» (таныстыру)
ІІ кезең. «Өз өнері» (əн, би т.б)
ІІІ кезең. Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі (көрініс көрсету)
IV кезең. "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" (Сұраққа мақал- мәтелмен жауап беріледі)🪷
V кезең "Ширату" ( мақал-мəтелдің жалғасын табу.
VI.Отбасылық эстафета (отбасы мүшелері есептерді шешіп, əкелері қол күрестірді)
🌹Сайыс қортындысы бойынша 1-4 сынып отбасылары I орын, 3 сынып отбасы II орын, 2 сынып отбасы III орын иеленді.
Сый-сыйапаттар табысталып, марапаттау болды. 

Похожие публикации:

13 сентябрь 2022 Сурет байқауы