Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 2 » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-24
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
''Наурыз мейрамы''
16
март
2023
''Наурыз мейрамы''
Мектебімізде ұлттық мейрамымыз Наурызға арналған іс-шара өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың  ұмытылып бара жатқан  салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын жаңғырта отырып  еске түсіру, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.  Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. 
Халықаралық әйелдер күні
06
март
2023
Халықаралық әйелдер күні
Құрметті аяулы да қымбатты аналар мен арулар! Сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! 06.03.2023 Қарабұлақ орта мектебінде 8 наурыз мерекесіне орай Көктем мерекесі мен әйел сұлулығы құрметіне арналған "Әлемді жүрегімен әлдилеген" атты мерекелік концерт өткізілді.
1наурыз-Алғыс айту күні
01
март
2023
1наурыз-Алғыс айту күні
Көктем мезгілінің алғашқы айының бірінші күніне тура келген алғыс айту мерекесіне орай Қарабұлақ орта мектебінде "Алғыс айту-парызым!" атты ризашылық концерті өтті. Мақсаты: "Жас ұрпақтың бойына мейірім мен бауырмашылық дағдыларын қалыптастыру". Құрметті оқырмандар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! ⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ ⠀⠀ Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын,
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті
20
февраль
2023
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл болуына орай ауданымыздың ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Ардагерлер концерттік бағдарлама тамашалап, тәрбиелік оқиғалармен бөлісті
"Қара сөздің сазгері" атты ісшара
17
февраль
2023
"Қара сөздің сазгері" атты ісшара
Қоғамдық-гуманитарлық апталық аясында "Қара сөздің зергері" тақырыбында 10 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Мақсаты:ұлы ақынның рухани асыл мұрасын насихаттап, өз бетімен іздене білуге шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.Нұрғали Аяулым өзінің қара сөздерді қағаз бетіне суретпен түсірген жұмыстарын таныстырды.Өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: М.Асан
Спорттық шара
06
январь
2023
Спорттық шара
Қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында мектеп мұғалімдері және 9,10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып өткізілді.Нәтижиесінде 9 сынып оқушылары жеңіске жетті.
Қысқы жарыстар
06
январь
2023
Қысқы жарыстар
Қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында "Спорт-денсаулық кепілі" атты 9,10 сыныптар арасында шаңғы тебуден жарыс өтті.
Мектепішілік дебат
27
декабрь
2022
Мектепішілік дебат
Қарабұлақ ОМ "Ақиқат" дебат клубының жетекшісі Нурбекова Гүлмираның ұйымдастыруымен дебат мүшелерінің арасында "Сыбайлас жемқорлық" тақырыбында пікір сайыс болып өтті. Мақсаты: Жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіну арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру. Ар - намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну.
Әліппемен қоштасу
26
декабрь
2022
Әліппемен қоштасу
1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу ертеңгілігі болды.Сынып жетешісі М.Б.Серикбаева Мақсаты: білім алушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау .Білім алушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Әскери тұлғалармен кездесу
26
декабрь
2022
Әскери тұлғалармен кездесу
Өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана сезімін қалыптастыру мақсатында. 2022 жылдың желтоқсан айының 26-күні Қарабұлақ орта мектебінде 01852 әскери бөлімінің офицері техникалық күзет құралдарының бастығы майор Д. С. Иманкуловпен және аталған әскери бөлімнің жауынгерлік дене дайындығы бойынша 2-сыныпты сержанты Р. Сабуровпен 7,8,9,10,11-сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.