10
август
2022
10 тамыз-Абай күні
10 тамыз – қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай күні – қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан бір қайырлы қадамы!
Соған орай, Абай күнінде Қарабұлақ орта мектебінің кітапханашысы Несіпбекова Анар апаймыздың ұйымдастыруымен "Абай-дана, Абай-дара" ашық кітапхана көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты– ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру, Балалар жылына орай оқушыларға Абайдың қарасөздерін, өлеңдерін насихаттау. Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздарға Абай туралы таныстырылым көрсетілді, Абай өмірінен әңгімелер оқылды, Абайды әлемге танытуға үлес қосқан тұлғалар аталды.