Білім күні » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-24
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Білім күні

Жетісу облысы , Алакөл ауданы, Қарабұлақ орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу тұжырымдамасы негізінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынға аудандық өкіл, Жанама ауылдық округінің әкімі Балабатыров Асқар Сапарұлы және ата-аналар қатынасты. Мектеп директоры Иманқұлов Бақтұр Серікұлы өткен оқу жылының қорытындысына тоқталып, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
2022-2023 оқу жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушылары өздерінің жыр шумақтарын көпшілікке арнады.
Білім күнінің алғашқы қоңырауын соғу үшін 11 сынып оқушысы " Алтын белгіге" үміткер Еркембай Динара және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз Жансерік Байбатыр шақырылды.
Мерекенің ІІ бөлімінде 1-11 сыныптарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.







Похожие публикации:

26 декабрь 2022 Әліппемен қоштасу
31 октябрь 2022 "Алтын күз 2022"
13 сентябрь 2022 Сурет байқауы