"Алтын күз 2022" » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-24
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2022

"Алтын күз 2022"

Күз адам баласына молшылық, береке беретін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі, мерекелі күз, алтын күз деп баға берген.
Алтын дегеніміздің себебі айналаның бәрі сап - сары бояуға енген, екіншіден алтын байлықтың белгісі. Міне, осы екеуін аттастырып «Алтын күз» деп атаған. Күзде егінді жинап болған ағаларымыз «Сабан той» өткізіп күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектептерде осы күз мерекесін тойлайды. «Алтын күз» кештерін өткізу дәстүрлі мерекеге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып "Балалар жылы" аясында Қарабұлақ ОМ "Алтын күз" атты мерекелік іс-шара жоспары құрылып, 1-10 сынып оқушылары арасында концерттік шара ұйымдастырылды.Мақсаты: адамға ешнәрсе қиындықсыз келмейтінін әрбір баланың санасына жеткізу;
бау- бақшадағы көкөністер мен жемістердің әдемілігін,алуан түрлілігін көру; үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар күзгі өнімдер болып киініп, би билеп, ән салып, көріністер көрсетті.
Көкөністер мен жемістер және олардан жасалған қолөнер бұйымдарынан тамаша көрмесін ұйымдастыруға көмектескен барлық ата-аналарға, балаларды осы шараға дайындаған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Мектеп оқушыларының өздеріне керемет дайындық пен мерекеге қатысқандардың эмоциялар толқыны үшін алғыс айтамыз.

Похожие публикации:

06 январь 2023 Спорттық шара
12 сентябрь 2022 "Қауіпсіз интернет"
01 сентябрь 2022 Білім күні