"Қауіпсіз интернет" » Қарабұлақ орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұлақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-24
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2022

"Қауіпсіз интернет"

12.09.2022 жылы Қарабұлақ ОМ 8-11 сынып оқушылары арасында, мектеп психологі Таженова Жадыра "Қауіпсіз интернет" тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.
🔸​ Мақсаты: балалар мен ересектер арасында интернет ресурстарды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі сұхбаттасушыларға құрметпен қарау, желідегі қолданушыларының жауапкершілігін жоғарылату, ересек қолданушылардың ​ кәмелетке толмағандардың интернет сауаттылығына жауапкершілігі туралы ақпараттандыру.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде.

Похожие публикации:

31 октябрь 2022 "Алтын күз 2022"